Skip to content

Мектеп туралы

Мектептің әдістемелік тақырыбы: «Педагогикалық тәжірибе және инновация – ғылыми-әдістемелік жұмыс негізі»

Ғылыми-әдістемелік  жұмыс мақсаты: Педагогикалық тәжірибе және инновацияларды оқу үдерісіне енгізу арқылы ғылыми-әдістемелік қызметін жетілдіру;

Ғылыми-әдістемелік  жұмыс міндеттері: 2022-2023 оқу жылында алға қойылған негізгі міндеттер:

  1. Іс-әрекетті зерттеу бағытында педагогтарға озық тәжірибені тарату жобасын іске асыру;
  2. Жан-жақты, жетілген, заман талабына сай қабілетті тұлғаның қалыптасуы мен дамуына ықпал жасауда  инновациялық бағыттағы жұмыс түрлерін ұйымдастыру;
  3. Дарынды және үлгерімі төмен оқушылармен жұмысты жетілдіру бағытында  педагогтарға әдістемелік көмек көрсету;
  4. Дарынды және талантты оқушылармен жүйелі жұмыстарды /ғылыми конкурстар мен пәндік олимпиадаларға дайындық/ мүдделес мекемелермен («Астана дарыны», орталығы, ЖОО-мен) бірлескен түрде ұйымдастыру;
  5. Курстардан кейінгі педагогикалық жұмыскерлерді («Өрлеу» орталығы, ПШО тренерлерімен бірлескен түрде ) әдістемелік қолдау;

5.   Серіктес мектептермен бірлесе оқытудың озық технологияларын дамыту және тарату жұмыстарын ұйымдастыру;

6.   Оқушыларға кәсіптік бағдар беру арқылы  әлеуметтендіруге  бағыттау жұмыстарын жүргізу;

7.   Оқушыларға кәсіптік бағыт-бағдар беру бағытында ЖОО, орта арнаулы оқу орындарымен бірлескен жұмыстарды ұйымдастыру;

8.   Бейінді және бейіналды  дайындықта  білім  алушыларға  психологиялық-педагогикалық  көмек  көрсету.

Күтілетін нәтиже:

1.Педагогикалық тәжірибесін жинақтай және тарата алатын, инновациялық бағытта жұмыстарды ұйымдастыра алатын педагог қалыптастыру;

2.Дарынды оқушылармен жұмыс нәтижесінде олимпиада, ғылыми жоба, түрлі байқаулар жеңімпаздарының санының артуы.

Жұмыс нысандары: педагогтардың шығармашылық, зерттеу топтары, жобалық қызметтер, әдістемелік апталықтар, коучинг-сессиялар, кластер, вебинар, конференциялар,  семинар-тренингтер.