Skip to content

Лагерь

Құрметті жазғы көңіл-күй жұлдыздары! Сіздерді жаздың ең ерекше әрі ең қызықты лагеріне шақырамыз — Жазғы Vibe! Мұнда әр күн жаңа эмоцияға, жаңа достарға және ұмытылмас естеліктерге толы болады!

Art Day — шығармашылыққа толы ерекше күн
Picnic — табиғат аясындағы керемет демалыс
Кино кеші — қызықты фильмдер мен жайлы атмосфера
Бассейн — жазғы сергектік пен көңілді сәттер
AI ROBO — технологиялар әлемімен танысу
Тақия Fest — ұлттық стиль мен көтеріңкі көңіл-күй
Cooking Day — дәмді тағамдар дайындау
Мармелад жасау — тәтті көңіл-күй
Балмұздақ жасау — жаздың ең дәмді сәттері
Бисерден достық білезігін жасау — естелік сыйлықтар мен әдемі қолөнер

Бағасы: 45 000 тг
Баға ішіне барлық іс-шаралар, ойындар, бассейн, тамақ және көңіл көтеру бағдарламалары толық кіреді!

Жеңілдіктер:
Бір отбасынан 2 бала келсе, екіншісіне — 10% жеңілдік
Көпбалалы отбасыларға — 5% жеңілдік
Досыңды ертіп кел — 5% жеңілдік

Бұл жазды ерекше өткізгің келсе — Жазғы Vibe сені күтеді!

Құрметті оқушылар!

Сіздерді мектеп жанындағы «Балапан» жазғы лагеріне қуана шақырамыз!

Жазғы демалысты тек үйде емес, достарыңызбен бірге қызықты, көңілді әрі пайдалы өткізгіңіз келсе, біздің лагерьге келіңіздер!

Лагерьде әр күн ерекше бағдарламамен өтеді. Балалар үшін қызықты ойындар, танымдық сабақтар, шығармашылық жұмыстар және көңілді кештер ұйымдастырылады. Мұнда сіздер жаңа достар тауып, бос уақыттарыңызды тиімді өткізе аласыздар.

Сонымен қатар лагерь барысында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналған түрлі үйірмелер мен іс-шаралар өткізіледі. Балалар ән айтып, би билеп, қолөнермен айналысып, сурет салып, өз өнерлерін көрсете алады.

Лагерь аясында кино көру, театрға бару, спорттық жарыстар, эстафеталар, таза ауадағы серуендер мен қызықты сайыстар да қарастырылған.

Жазғы демалысты бірге қызықты өткізейік!
Мектеп жанындағы «Балапан» лагері сіздерді күтеді!

Келіңіздер, бірге көңілді жаз сыйлайық!
Қосымша ақпаратты сынып жетекшісінен аласыздар.