Отбасымен кітап оқуға уақыт емес ниет жеткіліксіз болып кетті. Осы бағытта «Отбасымен кітап оқимыз», «Бір отбасы-бір кітап» жобасы аясында Ақберен Елгезековтың алғашқы проза жанрындағы «Болмаған балалық шақ» алғашқы кітабын отбасымен оқыған ата-әжелер оқушылармен бірге бөлісті. Уақытымыздың күніне 20-30 минутын баламен кітап оқып, оның кітап оқуға деген қызығушылығын оятуға, кітап оқуға дағдыландыру үлкен іс.Баламен кітапты бірге оқуға міндетті түрде ата-анасы ғана емес, үйдегі үлкендердің кітап оқуы да жеткілікті екеніне тағы бір көзіміз жеткендей болды.

