Skip to content

Білімді ұрпақ — ел болашағы!

Жаратылыстану пәндері әдістемелік бірлестігінің апталығы аясында “Білімді ұрпақ — ел болашағы” атты онкүндігінде 18.10.2023 ж биология пәні мұғалімі Мананбаева Бағила Абайқызы 8-сыныптар арасында «ХХІ ғасыр көшбасшы» зияткерлік сайысын өткізді. Мақсаты: Қазақстан елінің мықты көшбасшысы болуларына жол ашу, бағыт — бағдар беру, өз елінің патриот азаматтары мен азаматшаларын тәрбиелеу. Сайыс 5 кезеңде өткізілді.
1- кезең “Бәйге”
2- кезең “Жеті жұрттың тілін біл…”
3 — кезең “Көкпар”
4 — кезең “Кім қырағы”
5 — кезең. “Шешендік сайыс”
Әрбір кезеңдерде түрлі тапсырмалар орындалды. Зияткерлік сайыс болғандықтан, барлық пәндерден тапсырмалар орындалды. Сайыс өте тартысты, қызықты өтті. Сайысқа
8-сыныптардан 12 оқушы қатысты. Сайыс нәтижесі бойынша
8-”Е” сынып оқушысы Абдисаматов Едіге “ХХІ ғасыр көшбасшы” ойынының жеңімпазы атанды. Ал, 2-орынды 8-”К” сынып оқушысы Есенкулов Сабыржан иеленсе, 3-орынды 8-”Ә” сынып оқушысы Мұхамедғали Әлихан жеңіп алды. Осындай білімді де алғыр оқушыларымыз көп болсын!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *