28.11.2023 ж 54 мектеп- лицейінде Астана қаласы әкімдігінің “Әдістемелік орталығы” МҚКҚ ұйымдастыруымен “Астана қаласы білім беру ұйымдарының химия, биология, география пәндерінің педагогтеріне TIMSS, PISA халықаралық зерттеулері мектептегі білім беру сапасының индикаторы” тақырыбында қалалық оқыту семинары өтті. Мектебімізден химия пәні мұғалімі Жокелова С.Б “Химия сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру” тақырыбында өз іс-тәжірибесімен алмасты. 8-11 сыныпқа арналған функционалдық сауаттылыққа бағытталған түрлі тапсырмаларды сабақ барысында қолдану тәжірибесімен бөлісті.

