Skip to content

Кітаптың тұсаукесері

Германия астанасында Мұстафа Шоқай туралы кітаптың тұсаукесері өтті. Қазақтың танымал қоғам және саяси қайраткері жайлы туынды неміс тілінде жарық көрді. Игі іс Берлиндегі неміс-қазақ қоғамы мен қазақ диаспорасының қолдауымен жүзеге асты. “Мұстафа Шоқай феномені” кітабында қоғам қайраткерінің өмірі мен саяси ғұмыры жайлы баяндалады. Туынды тарихшы Бақыт Садықов пен Мұстафа Шоқайдың жұбайының естеліктеріне сүйене отырып жазылған.

Берлин қаласында өткен бұл шараға мектеп музейінің меңгерушісі, орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Салтанат Нұрлыбекқызы қатысып, музейдің тынысы мен болашақта атқарылатын бірқатар жұмыстармен таныстырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *