Skip to content

Қалай өтініш тапсыру туралы ақпарат

Құрметті ата-аналар, ұстаздар, балалар, ағымдағы жылғы 1 сәуірден бастап 2025-2026 оқу жылына 1 сыныпқа құжат қабылдау басталады!
ҚР БжҒМ-ң 16.10.2018 жылғы № 564 бұйрығына сәйкес, бірінші сыныбына қабылданатын балалардың ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сәуірінен бастап 29 тамызына дейін жүзеге асырылады.

1-сыныпқа осы жылы 6 жастағы және 6 жасқа толатын балалар ата-анасының немесе білім алушылардың заңды өкілінің жеке өтініші негізінде қабылданады. Бұл – мемлекеттік қызмет көрсету нысаны болып табылады.

Ата-ана адын-ала мектепті белгілеп, egov.kz веb порталы арқылы өз өтініштерін тапсыра алады.

Қажет құжаттар тізімі:

баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
052-2/у нысаны бойынша денсаулық паспорты;
3х4 көлеміндегі фотосуреттің екі данасы.
қажеттілігіне қарай ПМПК тұжырымдамасы (ерекше білімді қажет ететін балалар үшін).
Өтінішті үй жағдайында, Халыққа қызмет көрсету орталықтарында, мектептерде орналасқан өзін-өзі қызмет көрсету бұрыштарында тапсыруға болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *