Мектебіміздің 20 жылдық мерейтойына орай тағылымды да мазмұнды шара өтті.
Бүгінгі басқосу – жүрекке жылу, санаға серпін беретін ерекше күн болды. Себебі бір шаңырақ астында білім ордамыздың 20 жылдық тарихы мен ұлт азаттығы жолында ғұмырын арнаған Мұстафа Шоқайдың 135 жылдық мерейтойы аясындағы онкүндіктің алғашқы күні атап өтілді.
Жиырма жыл — бұл мыңдаған шәкірттің арманы мен жетістігі, жүздеген ұстаздың маңдай тері, ата-аналардың үміті мен сенімі тоғысқан қасиетті кезең. Ал Мұстафа Шоқай — еркін ойлы, білімді, елін сүйетін ұрпақ тәрбиелеуді мұрат еткен ұлы тұлға. Тағылымды кешке Астана қаласы Білім басқармасы Әдістемелік орталығының әдіскері Канымай Өзбекбаевна, Саламат Махамбетұлы,журналист, тарихшы, Қаракерей Қабанбай батыр кесенесінің шырақшысы Камал Әбдірахман, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрметті азамат», мәдениет саласының үздігі, өнертану ғылымдарының магистрі, «Ақ кимешекті киелім» төрайымы Арайлым Рахымқызы, Қамқоршылық кеңес мүшелері, мектеп түлектері, ата-аналар мен ұстаздар қауымы қатысты.
Бұл тағылымды шара — өткенге тағзым, бүгінге белеске абырой, болашаққа сенімнің айғағы болды.