Skip to content

Creative Youth Club 51

«Creative Youth Club 51» Жас мамандар мектебі жас мамандардың кәсіби дамуы, өзіндік білім алуы мен шығармашылық тұрғыдан кәсіби деңгейін көтеруі бағытында жұмыс жасайды.

Жас педагогқа арналған мектептің құрылу мақсаты – жас маманның кәсіби құзыреттілігін тиімді дамыту, жоғары кәсіби идеалдарды, әдістемелік дағдыларды қалыптастыру және үнемі өзін-өзі дамыту және өзін-өзі жетілдіру қажеттілігін арттыру.

Жас педагогтар мектебінің міндеттері:

Инновациялық даму жағдайында оқытушының мәртебесі және оның жұмыс жасау жүйесі туралы идея қалыптастыру;

Үздіксіз білім берудегі жас мұғалімдердің қажеттіліктерін қанағаттандыру және кәсіби қиындықтарды еңсеруге көмектесу;

Педагогикалық қызметті ұйымдастырудағы білімді тереңдету, өзін-өзі дамыту, озық тәжірибені жалпылау және енгізу, әдістемелік өнімдерді құру, аналитикалық қызметті жүзеге асыру;

Мұғалімдердің шығармашылық белсенділігінің жеке стилін қалыптастыруға жәрдемдесу;

Жас мұғалімдерге оқу процесіне заманауи тәсілдер мен озық педагогикалық технологияларды енгізуге көмектесу.

Жас мамандар мектебі қызметінің негізгі бағыттары:

Прогрессивті білім беру технологияларын енгізу арқылы мұғалімнің жеке кәсіби стилін қалыптастыру;

Тәжірибелі мұғалімдердің тәжірибесін зерделеу арқылы педагогикалық дағдыларды игеруде жас мамандарға көмек көрсету;

Тәжірибелі ұстаздармен «Шебер- сынып» өткізу және жас мамандарға арналған оқу-әдістемелік сабақтар жүргізу;

Педагогикалық кеңестерді, білім беру мәселелері бойынша семинарлар мен конференцияларды дайындауға және ұйымдастыруға жас мамандарды тарту;

Жас мамандар жұмысының нәтижелеріне мониторинг жүргізу;

Жас мамандар жұмысының жетістіктерін диагностикалау.