Skip to content

Ғылыми-әдістемелік қызмет

Мектептің әдістемелік тақырыбы: Педагогикалық тәжірибе және инновация – оқу-тәрбие жұмысы сапасының негізі.

Ғылыми-әдістемелік жұмыс мақсаты: Оқыту мен оқудағы белсенді әдістерді меңгерген, сыни тұрғыдан ойлай алатын, нақты мақсат қоя білетін, бағалау критерийлерін тиімді қолданатын, жаңаша ұстанымы жоғары көшбасшы мұғалім дайындау. Мұғалімдердің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту, кәсіби қоғамдастық арқылы озық тәжірибелерін тарату және дамыту.

Ғылыми-әдістемелік жұмыс міндеттері:

  • Оқыту мен оқудағы белсенді әдістерді тәжірибеге енгізу;
  • Әдістемелік көмек көрсету мақсатында мұғалімдердің озық
  • тәжірибесін тарату, мұғалім белсенділігін арттыру, көшбасшы мұғалім қалыптастыру;
  • Мұғалімдер арасында тәжірибе алмасу, үйрете жүріп үйрену негізінде кәсіби қоғамдастық жұмыстарын жандандыру;
  • Шығармашылық бастамаларды дамытуға мүмкіндік беру.

Жұмыс нысандары:

Әдістемелік   кеңес,   ӘБ   отырыстары,  шығармашылық  топ   отырыстары, тәжірибелік алаңдар.

Жұмыстың негізгі бағыттары:

  • Педагог кадрлармен ұйымдастырылатын жұмыс; Озық іс-тәжірибе тарату;
  • Жас мамандармен жүргізілетін жұмыс;
  • Шығармашылық топ мұғалімдерімен жүргізілетін жұмыс;
  • Оқушылардың ғылыми қоғамы мен дарынды балалармен жұмыс;
  • Пән апталықтары.