Мектептің әдістемелік тақырыбы: «Педагогикалық тәжірибе және инновация – ғылыми-әдістемелік жұмыс негізі»
Ғылыми-әдістемелік жұмыс мақсаты: Педагогикалық тәжірибе және инновацияларды оқу үдерісіне енгізу арқылы ғылыми-әдістемелік қызметін жетілдіру;
Ғылыми-әдістемелік жұмыс міндеттері: 2022-2023 оқу жылында алға қойылған негізгі міндеттер:
- Іс-әрекетті зерттеу бағытында педагогтарға озық тәжірибені тарату жобасын іске асыру;
- Жан-жақты, жетілген, заман талабына сай қабілетті тұлғаның қалыптасуы мен дамуына ықпал жасауда инновациялық бағыттағы жұмыс түрлерін ұйымдастыру;
- Дарынды және үлгерімі төмен оқушылармен жұмысты жетілдіру бағытында педагогтарға әдістемелік көмек көрсету;
- Дарынды және талантты оқушылармен жүйелі жұмыстарды /ғылыми конкурстар мен пәндік олимпиадаларға дайындық/ мүдделес мекемелермен («Астана дарыны», орталығы, ЖОО-мен) бірлескен түрде ұйымдастыру;
- Курстардан кейінгі педагогикалық жұмыскерлерді («Өрлеу» орталығы, ПШО тренерлерімен бірлескен түрде ) әдістемелік қолдау;
5. Серіктес мектептермен бірлесе оқытудың озық технологияларын дамыту және тарату жұмыстарын ұйымдастыру;
6. Оқушыларға кәсіптік бағдар беру арқылы әлеуметтендіруге бағыттау жұмыстарын жүргізу;
7. Оқушыларға кәсіптік бағыт-бағдар беру бағытында ЖОО, орта арнаулы оқу орындарымен бірлескен жұмыстарды ұйымдастыру;
8. Бейінді және бейіналды дайындықта білім алушыларға психологиялық-педагогикалық көмек көрсету.
Күтілетін нәтиже:
1.Педагогикалық тәжірибесін жинақтай және тарата алатын, инновациялық бағытта жұмыстарды ұйымдастыра алатын педагог қалыптастыру;
2.Дарынды оқушылармен жұмыс нәтижесінде олимпиада, ғылыми жоба, түрлі байқаулар жеңімпаздарының санының артуы.
Жұмыс нысандары: педагогтардың шығармашылық, зерттеу топтары, жобалық қызметтер, әдістемелік апталықтар, коучинг-сессиялар, кластер, вебинар, конференциялар, семинар-тренингтер.