Озат педагогикалық тәжірибе қоғамдық педагогикалық қызметтің бастауы ретінде, нақты жағдайларды, оқушылардың, ұжымның және жеке тұлғаның ерекшеліктерін ескерумен бірге, педагогтың жұмыс тәжірибесінде педагогика заңдары мен принциптерін белсенді түрде меңгеру және іске асыру арқылы жүзеге асады. Озат педагогикалық тәжірибе оқушыларды тәрбиелеу және оқытудың жаңа идеяларын түрлі тұрғыдан қарау және технологиялардың бастауы болып табылады.
Мақсаты:
Педагогикалық озат тәжірибе алаңын құру арқылы оқу-тәрбие жұмысын үздіксіз дамыту және жетілдіру.
Міндеттері:
- Жан-жақты жетілген, заман талабына сай қабілетті тұлғаның қалыптасуы мен дамуына ықпал жасауда инновациялық бағыттағы жұмыс түрлерін ұйымдастыру.
- Жеке тұлғаның толыққанды дамуына белсенділік, жауапкершілік танытатын педагог қауымына инновациялық жұмыс түрлерін ұсыну.
Педагогикалық тәжірибені зерттеудің жолдары: педагогтың өз тәжірибесін өзі зерттеп жинақтауы, педагогикалық еңбек шеберлерінің жұмыс жүйесін зерттеу және жинақтау; жаңашыл педагогтардың озат тәжірибесін тарату және оны оқу – тәрбие процесіне енгізу, оқу және тәрбие салаларында орын алып отырған мәселелерді тауып, оны шешуге ат салысу.
Озат тәжірибенің критерийлері:
1. Жаңашылдық – белгілі бір қалыптасқан әдістемені жоққа шығару емес, оны жетілдіру, толықтыру;
2. Жоғары нәтижелілік;
3. Тәжірибені басқа да педагогтар мен оқу орындарының пайдалану мүмкіндігі;
4. Тәжірибенің оңтайлылығы; көкейтестілігі, оның ғылым үшін және педагогикалық тәжірибе үшін құндылығы;
5. Бұқаралық тәжірибеде шығармашылықты қолдану мүмкіндігі.